nFactorial School ұжымы талантты және талапты қазақстандықтарды nFactorial 2024 жазғы инкубаторына шақырады! Небәрі 10 апта ішінде сіз генеративті жасанды интеллект саласындағы технологияларды қолдана отырып, алғашқы түпнұсқа Fullstack- қосымшаңызды жасап шығасыз.
"Шеврон" компаниясының грант жеңімпаздары үшін қатысу толығымен тегін! Бағдарлама Алматы қаласындағы Satbayev University базасында оффлайн режимде өтеді.
nFactorial Incubator 2024 бағдарламалау, дизайн және өнімді дамытып, жарнамалау деген 3 модульден құрылған. Еліміздің үздік веб- әзірлеушілері, әлемнің жетекші университеттерінің түлектері сізге тәлімгерлік етеді.
Сіз бен біз Қазақстанды әлемнің технологиялық картасына қою үшін 10 апта бойы таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істейтін боламыз. Алғашқы 3 аптада тәлімгерлер сізге және Fullstack- бағдарламалаудың негіздерін үйретеді. Ал қалған 7 аптаны сіз өзіңіздің қосымшаңызды жасап шығуға жұмсайсыз.
Жүзден астам дарынды студенттер мен әрдайым көмекке дайын 10 тәлімгердің бұрын соңды іске аспаған идеялармен жұмыс істеп, жаңа қосымшаларды жасауы — біз білетін ең шығармашылық атмосфера.
Инкубатордың шарықтау шегі — сіз жасаған қосымшаны Demo Day-де жиналған инвесторлар, кәсіпкерлер және рекрутерлер қауымына, журналистер мен профессорларға, бағдарламашылар мен дизайнерлердің назарларына ұсыну.
Сізді қызыққа толы жаз күтуде. Біздің елімізді Indie-бағдарламалау әлемінде бәсекеге қабілетті деп жариялау үшін бір табыс оқиғасы жеткілікті. Сол хикаяны осы жазда бірге жазайық!
Қатысуға өтініш беру (ерте шешімдер үшін) - 30 cәуір, 23:59.
Бағдарлама "Шеврон" компаниясымен серіктестікте және Satbayev University қолдауымен өткізіледі.